Қоғам

Шымкентте бүтін бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалған

Echo

Фото авторы: otyrar.kz




Шымкентте Абай ауданында бүтін бір отбасы көмірқышқыл газынан уланып қалды. Бұл туралы OTYRAR сюжетінде айтылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға түтін шығару мұржасының қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі себеп болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Барлығы дәрігерлердің бақылауында.

Оқиғаға байланысты Шымкент Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады. Қала тұрғындарына газ жабдықтарын уақтылы тексеріп отыру, түтін шығару мұржаларының дұрыс орнатылуы мен жарамдылығын қадағалау, сондай-ақ газ құралдарына техникалық қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасу ұсынылады.

Құтқарушылар көмірқышқыл газының иіссіз болатынын және адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті екенін еске салды. Тұрғындардан қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарау сұралды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру