Қоғам

Шымкентте 26 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген оқушыға үкім шықты

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Шымкентте 26 жастағы Диана Оңғарбаеваны айуандықпен өлтірген 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Соттың қаулысы бойынша 11-сынып оқушысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Қайғылы оқиға осы жылдың шілде айында тіркелді. Тергеу материалдарына сәйкес, жасөспірім Шымкентке келген күні Telegram желісіндегі «Шымкент жұмыс» атты чатқа «Үй жинайтын қыз қажет» деген хабарлама қалдырған. Бұл жазбаны көрген Диана Оңғарбаева күнкөріс үшін пәтер тазалауға келісіп, көрсетілген мекенжайға барған.

Жұмысты аяқтаған соң, Диана 15 мың теңге еңбекақысын сұрағанда, жасөспірім «Анам береді» деп алдап, төлеуден бас тартқан. Сол сәтте ол ас үйден ағаш сабы бар пышақты алып, әйелге күтпеген жерден шабуылдаған.

Прокурордың мәліметінше, күдікті Диананың мойын тұсына бірнеше рет пышақ сұққан, ал жәбірленуші құлағаннан кейін де бүйір тұсынан соққы жасауды жалғастырған. 26 жастағы келіншек алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. 


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру