Қоғам

ШҚО-да оқушылар қашықтан оқу форматына ауыстырылды

Echo

Фото авторы: ucvt.org




Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының мәліметінше, өңірдегі 23 жалпы білім беретін мектептің 169 сыныбындағы 3 015 оқушы уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды.

Үйден оқып жатқан оқушылардың ішінде бастауыш сыныптың 1 697 оқушысы бар.

Қашықтан оқуға Өскемендегі 18 мектеп, Күршім ауданындағы үш мектеп, Ұлан ауданындағы екі мектеп көшкен.  

Айта кетейік, онлайн форматқа уақытша көшу үшін оқушылардың 30%-дан астамы медициналық анықтамалармен тіркелуі қажет.  

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру