Қоғам

Silk Way Star финалистері анықталды

Echo

Фото авторы: dknews.kz




12 елдің өнерпаздарын біріктірген және әлем бойынша миллиондаған көрерменнің назарына ұсынылған бұл музыкалық шоу бағдарламасының 9-шы эпизоды маусымдағы ең әсерлі әрі шиеленісті шығарылымдардың бірі болды.

Жартылай финал қорытындысы бойынша ақтық кезеңге мына әншілер жолдама алды:

  • ALEM (Қазақстан)

  • Язмин Азиз (Малайзия)

  • Автандил Абесламидзе (Грузия)

  • Мишель Джозеф (Моңғолия)

  • Чжан Хэ Сюань (Қытай)

  • Саро Геворгян (Армения)

  • Мадинабону Әділова (Өзбекстан)

Финалдық эпизод 22 қарашада сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сол уақытта трансляциялар Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолияда да жүргізіледі.

Алғашқы азиялық мегажобаның жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% – қазылардың бағасы, 50% – онлайн дауыс беру нәтижесі. Көрермендер silkwaystar.org сайтында өздерінің сүйікті қатысушысын қолдау мүмкіндігіне ие.

Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиа корпорациясы арасындағы ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылуда.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру