Фото авторы: видеодан скриншот
Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, - деп хабарлайды Newmedia.kz
"Центр плова" дәмханасы жарылған сәт видеоға түсіп қалған.
Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпан күні кешкі уақытта тіркелген. Бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан.
Хабарлама түскеннен кейін 5 минут ішінде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері оқиға орнына жеткен.
Пікір жоқ