Қоғам

Щучинск кафесінде жарылыс болып, жеті адам қаза тапты

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс: жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Щучинск қаласында орналасқан кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан жеті адам қаза тапты.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімдігінің Instagram парақшасында хабарланды.

Оқиға қалай болды?

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты кафеде болған. Алдын ала дерек бойынша, нысанда газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан.

Хабарлама түскеннен кейін небәрі 5 минут ішінде Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнына жеткен.

Құтқару жұмыстары

Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллонын сыртқа шығарып, ықтимал ірі жарылыстың алдын алды. Сонымен қатар, 10-нан астам адам құтқарылды.

Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Жедел қызметтер жұмылдырылды

Оқиға орнына ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары және барлық тиісті қызметтер келді. Атап айтқанда:

  • өрт сөндіру бөлімшелері;

  • құтқару топтары;

  • медициналық қызметтер;

  • полиция;

  • газ-техникалық инспекция.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы мен жедел медициналық жәрдем бригадалары жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру