Спорт

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен босатылды

Echo

Фото авторы: коллаж




Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.

"Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы

23 қаңтарда БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны" туралы ақпарат тарады.

Кейінірек Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция бұған дейін.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру