Қоғам

Семейде ер адам полицияның екі көлігін өртеп жіберген

Echo

Фото авторы: желі




Семейде ер адам полицияның екі көлігін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиғаның мән-жайын айтты.

"Учаскелік полиция пункті маңында екі көлікті өртеген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 25 қаңтарда сағат 18:10-да бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын масаң күйде учаскелік полиция пункті маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі көлікті өртеп жіберді", - деді ІІМ өкілі. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру