Қоғам

Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты сот 16 ақпанда өтеді

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Жамбыл облысында болған адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс сотқа өтті. UFC жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдады.

Сот мәліметінше, іс судья К.М. Муратовтың қарауына берілген. Айыпталушы Гүлайым Рахмоноваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Аталған бап жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза табуына әкеп соққан жағдайларды қамтиды.

Алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-ге белгіленген. Сот отырысы Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді. Процесс қазақ тілінде жүргізіледі.

Сондай-ақ сот айыпталушыға қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат»  өзгеріссіз қалдырылғанын хабарлады.

Іс бойынша өзге мәліметтер сот отырысы барысында белгілі болады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру