Фото авторы: видеодан скриншот
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол апаты ісін қарайтын күнді белгіледі, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты қылмыстық іс сотқа берілді.
"Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша айыпталушы Рахмонова Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық іс қабылдансын. Іс бойынша алдын ала тыңдау 2026 жылғы 16 ақпанда сағат 15:00-де Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына тағайындалсын", - деп жазылған сот хабарламасында.
Пікір жоқ