Фото авторы: Michael Probst/Copyright 2025 The AP. All rights reserved
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду қазір өзі өнер көрсетіп жүрген "Әл-Насрдың" иесі атануы мүмкін, - деп хабарлайды Newmedia.kz
A Bola мәліметінше, португалиялық футболшы "Миланның" иесі Джерри Кардиналемен, кәсіпкерлер Ибрагим әл-Мухайдиб, Мохаммед әл-Хурайиджи, Шараф әл-Хариримен бірге Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестиция қорына (PIF) "Әл-Насрды" сатып алу жөнінде ресми ұсыныс дайындап жатыр.
Роналду мен Джерри Кардинале бұл мәміледе негізгі тұлғалар болуға тиіс. Қаржы жоспарына сәйкес консорциумның бес қатысушысының әрқайсы кемінде 92 миллион еуродан инвестиция салады.
Келіссөздер шешуші кезеңге өткен. Алдағы 48 сағатта RedBird Capital мен консорциум өкілдері PIF басшылығымен шұғыл кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Пікір жоқ