Спорт

Роналду 1000 гол межесіне жақындады: рекордқа қанша қалды?

Роналду 1000 гол межесіне жақындады: рекордқа қанша қалды?

Фото авторы: желі




Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кеткеннен кейінгі алғашқы голын соқты. Әйгілі футболшы мансабындағы 1000 гол межесіне тағы да жақындай түсті, - деп хабарлайды Newmedia.kz тілшісі.

Сауд Арабиясы чемпионатының 8-турындағы "Әл-Наср" мен "Әл-Дирия" арасындағы матчте Криштиану 23-минутта есеп ашты.

Бұдан кейін оның командаластары тағы екі гол соғып, кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Роналду алаңда толық 90 минут ойнады.

41 жастағы Криштиану үшін бұл гол клубтар мен Португалия құрамасы сапындағы ресми матчтердегі 980-ші гол болды. Көз тоймас 1000 голдық межені бағындыру үшін оған енді қарсылас қақпасына 20 доп соғу қажет.

Клубтық деңгейде Роналду 834 гол соқса, Португалия құрамасы сапында тағы 146 нәтижелі соққыны өз еншісіне жазды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру