Қоғам

«Қылмыстық құрам жоқ»:Бозымбаев Алғабастағы өрт жайлы баяндады

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Оның айтуынша, 12 адамның өмірін қиған өрт оқиғасында қылмыстық құрам жоқ. 

Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда. Алдын ала, қылмыстық құрам жоқ, – деді Бозымбаев. 

Тергеу барысында ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі – «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 5:36 шамасында Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Екі қабатты үй толығымен жанып кеткен. Оқиға салдарынан 12 адам көз жұмды, олардың тоғызы – балалар. Тағы үш адам жарақат алып, қазір Жетісай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Бозымбаевтың айтуынша, қаза болғандарды жерлеуді ұйымдастыру, сондай-ақ марқұмдар мен жарақат алғандардың отбасыларына көмек көрсету, өрттің неден шыққанын анықтау және осындай жағдайлардың алдын алуға қатысты бірнеше тапсырма берілген.

Сонымен бірге, Төтенше жағдайлар министрлігіне елдегі хостелдер мен жатақханаларға, жер үйлерге, әсіресе осал топтар тұратын үйлерге тексеріс жүргізіп, қажет шараларды қабылдау және қажетті жабдықтарды орнату жөнінде нұсқау берілгені хабарланды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру