Фото авторы: желі
Қостанайда полицейлер 86 жастағы қарияның өліміне күдікті жігітті ұстады, деп хабарлайды Newmedia.kz
«Қостанай қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар 86 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол – 17 жастағы жасөспірім болып шықты.
«Күдікті жергілікті кәмелетке толмаған тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 30 қазанда болған. 1940 жылы туған зейнеткер Кубеев көшесіндегі үйінің ауласына серуендеуге шыққан. Белгісіз біреулер қарияның тамағын кесіп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Пікір жоқ