Фото авторы: zakon.kz
Қорғаныс министрлігі соңғы уақытта әлеуметтік желілерде «әскерге бармайтын ақ билет алып береміз» деген жарнамалардың көбейгеніне алаңдап, үндеу жасады, деп хабарлайды Newmedia.kz
Министрлік бұндай қызмет түрі мүлде заңсыз екенін және оның арты қылмыстық іске әкеп соқтыратынын ескертеді. Сондай-ақ, ондай азаматтар лезде алдап кетуі де мүмкін.
«Әлеуметтік желілерде «әскерден қалдырамыз» немесе «ақ билет» алып береміз» деген жарнамалар тарап жатыр. Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы ғана қабылдайды. Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, жігіттер үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деп жазылған үндеуде.
Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы «мәселені шешіп беруге» кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын «әскери комиссариаттардың көмекшілерінің» айла-шарғыларына алданбауға шақырады.
Пікір жоқ