Қоғам

Қояндыда сабаққа бара жатқан оқушыларды көлік қағып өтті

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Ақмола облысының Қоянды кентінде екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Newmedia.kz.

Оқиға сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрлардан қыздардың туысы жүргізушіге «Қарап жүрмейсің бе?!» деп айқайлап, оған күш көрсетпек болғаны байқалады.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, бүгін таңертең 5 және 10-сыныпта оқитын екі әпкелі-сіңлі мектепке бара жатқан кезде жол-көлік оқиғасына тап болған.

Облыстық полиция департаменті орын алған апатқа қатысты өз түсіндірмесін ұсынды.

«1 желтоқсанда жүргізуші «Ниссан Премьера» автокөлігімен Қоянды кентінде жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 2 кәмелетке толмаған баланы соғып кетті. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды», - дейді полицейлер.

Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру