Фото авторы: ҚазТАГ
Журналистер құқығын қорғайтын комитет ҚазТАГ ақпараттық агенттігі басшылығына қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Newmedia.kz.
Ұйымның мәлімдеуінше, ҚазТАГ директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айыпталып, сотқа шақырту алмақ.
Бұл – дәл осындай айыппен танымал журналист Гүлнар Бажкенова қамауға алынғаннан кейін бір апта өткен соң болып отыр.
«Біз Қазақстан билігін жалған ақпарат пен жала жабу баптарын қылмыстық кодекстен алып тастауға және мұндай дауларды тек азаматтық сот тәртібімен қарауға шақырамыз», – делінген комитет хабарламасында.
Пікір жоқ