Қоғам

ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды

Echo

Фото авторы: facebook.com/asset.matayev




Астанада ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, ҚазТАГ редакциясы қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған.

Арызда олардың "іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірген, көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет тарату" туралы айтылған.

Ведомство тергеу әрекеттері кезең-кезеңімен жүргізілгенін айтты.

"Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеу сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биыл 23 желтоқсанда ҚазТАГ бас редакторы ұсталып, Астана Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп түсіндірді полиция.

Полиция өкілдері өзге ақпарат жария етілмейтінін жеткізді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру