Фото авторы: ашық дереккөз
Ақпарат кеңістігінде қазақстандықтардың несиесі кешіріледі деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеп, азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, - деп хабарлайды NewMedia.kz
“Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген”,- делінген ресми хабарламада.
Пікір жоқ