Қоғам

Қазақстандық тележурналист Диля Ибрагимова қайтыс болды

Echo

Фото авторы: Мәдениет және ақпарат министрлігі




Қазақстанның танымал спорт журналисі, тележурналист Диля Ибрагимова өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. 

Министрлік марқұмның қазасына байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтты.

Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «КТК» телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізіп, қазақстандық спорт журналистикасының ең танымал және сүйікті тұлғаларының бірі болды. Отандық журналистиканың дамуына өзіндік зор үлес қосты.

Өзінің кәсіби білімі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі бола білген ардақты жанның жарқын бейнесі туған халқының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын! - делінген хабарламада.

Диля Ибрагимова бірнеше жыл бойы ауыр дерттен зардап шеккен. Оның артында ұлы қалды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру