Фото авторы: желі
Қазақстандық блогер “Ильярчик” заңсыз интернет-казино ісі бойынша іздеуде, - деп хабарлайды Newmedia.kz
“Ильярчик” (andersonchik1) лақапатымен танымал қазақстандық блогер заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, Ювашев Ильяр Салаватович 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан. Аталған ресурстардың қатарында mellstroy.game сайты да бар.
Тергеу мәліметтері бойынша, қаржылық операцияларды жасыру және заңдастыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркелген. Сонымен қатар POS-терминалдар мен электрондық төлем құралдары қолданылып, ойыншылардан жалпы сомасы 3,6 миллиард теңгеден астам қаражат тартылған.
Қаржы мониторинг агенттігі күдіктіге мемлекетаралық іздеу жариялағанын хабарлады. Егер оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласу сұралады:
тел.: +7 7172 70 84 79 (ішкі 21384), Call-center: 1458.
Анонимділік пен сыйақы кепілдендірілген.
Сондай-ақ ведомство Mellstroy брендімен танымал блогер Андрей Буримге қатысты тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
Пікір жоқ