Қоғам

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандайды

Echo

Фото авторы: air astana




Билік елдің транзиттік әлеуетін арттыру және авиакомпаниялар үшін ұшуды тиімді ету мақсатында әуежайларда авиакеросин бағасын кезең-кезеңімен төмендетіп жатыр, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

“Авиакеросин бағасы қатты көтеріліп кетті. Айта кету керек, ұшу бағасының 40%-ы әуе отынының бағасын құрайды. Біз транзиттік мүмкіндіктерімізді монетизациялау үшін әуежайларда арзан әуе отыны болуы керек. Үлкен әуежайларда әуе отынының бағасы орта есеппен 600 АҚШ доллары шамасында. Ал бізде отынның құны 1200–1300 доллар болған. Бағаны төмендету туралы тапсырма берілгеннен кейін эгергетика министрлігі 940 долларға дейін бағаны түсірді. Тағы да 100 долларға бағаны түсіру жоспарлануда. Осылай біртіндеп түсіретін боламыз. Сәйкесінше отын бағасы арзандаса, әуе билеттерінің бағасы төмендейді, логистика арзандайды және басқа да әуе компаниялары тартылады. Бұл әуе экономикасының ең маңызды факторларының бірі. Әуежайда сауда жасауға барлығының құқы бар. Ешқандай монополия жоқ”, – деді көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, отын бағасының арзандауы әуе билеттері мен жүк тасымалы құнының төмендеуіне, жаңа авиакомпаниялардың келуіне және Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру