Қоғам

Қазақстанда көлік ұрлаудың жаңа схемасы пайда болған: мән-жайы

Echo

Фото авторы: polisia.kz




ІІМ көлік ұрлаудың жаңа схемасын әшкереледі. Ведомство қылмыскерлердің айласына түсіп қалмаудың жолдарын түсіндірді.

Polisia.kz мәліметінше, тапсырыс берушілер мен автовоз иелері Della және Fa-Fa.kz сияқты танымал сервистерге көліктер мен тауарларды тасымалдау туралы ұсыныстарын жариялайды. Көбіне бағыттар Алматы мен Алматы облысынан елдің басқа өңірлеріне қарай болады.

Қаскөйлер хабарландыруларға жауап беріп, тапсырыс. берушілерге өздерін тасымалдаушы ретінде, ал жүргізушілерге әлеуетті тапсырыс беруші ретінде таныстырады. Қылмыскерлер тасымалдау шарттарын келісіп алады да, қала сыртына шыққаннан кейін ұрланған жүкті басқа көлікке қайта тиеп, алып кетеді.

  • Жүргізушінің жеке куәлігін және көлікке қатысты құжаттарын мұқият тексеріңіз.
  • Жүргізуші қолданатын телефон нөмірін хабарландыруда көрсетілген нөмірмен міндетті түрде салыстырыңыз.
  • Жүк жүретін маршрутты және жеткізу нүктесін алдын ала жеке келісіп алыңыз.
  • Жүргізуші туралы интернеттегі пікірлерді қарап шығыңыз.
Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру