Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте 11 мың адам VIP-нөмір алуға өтініш жасаған

Echo

Фото авторы: unicar.kz




Биыл 5 қаңтардан бастап қазақстандық жүргізушілер автокөліктеріне қалаған мемлекеттік нөмірді өздері таңдай алады, - деп хабарлайды Newmedia.kz 

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлім еткендей, жаңа қызмет іске қосылған алғашқы күні-ақ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына 11 мың өтініш түскен. 

«Кеше еліміз бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға тарта өтініш түсті. Біз өз тарапымыздан операторлар санын көбейттік. Осы аптада нөмір таңдау қызметін eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Коняшкин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетері, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірінің әріптік және сандық комбинациясын өздері таңдай алады.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру