Фото авторы: citytraffic.ru
«Қазгидромет» синоптиктері 15, 16 және 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Newmedia.kz хабарлады.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райына Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон әсер етеді. Соның салдарынан республика бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
Синоптиктердің хабарлауынша, 15 қаңтарда солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы –30…–40 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік облыстарда түнгі уақытта –5…–13 градус аяз,
оңтүстік-шығыста –8…–17 градус,
ал таулы аймақтарда –20…–25 градусқа дейін суытуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Ал елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қатты қар жауып, бұрқасын, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанып отыр.
Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын күшейтуге шақырады.
Пікір жоқ