Фото авторы: Gov.kz
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда заңбұзушылықтар жасаған немесе лицензияларға қажетті қосымшаларсыз жұмыс істеген 406 нысан анықталды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін 247 емшара кабинеті өз еркімен қызметін тоқтатты.
Емшара кабинеттері эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарға жатады және денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес болуға міндетті, – делінген хабарламада.
Қалған нысандарда тексеру жалғасуда. 84 емшара кабинетіне қатысты жоспардан тыс тексерулер аяқталды.
Тексеру барысында мынадай заңбұзушылықтар анықталған:
Жұмыс қорытындысы бойынша 15 млн теңгеден астам сомаға 122 әкімшілік хаттама жасалды.
Пікір жоқ