Фото авторы: qamqor.gov.kz
Құқықтық статистика порталында 1969 жылы туған Олег Анатольевич Колташовқа қатысты іздеу карточкасын жариялады. Құжатта оны Солтүстік Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаменті 2025 жылдың 7 қарашасынан бері іздеп жатқаны көрсетілген.
Іздеуде жүрген Колташов туралы деректер «Единая Россия» партиясының сайтында көрсетілген Курган облыстық Думасының бұрынғы депутаты Олег Колташовтың өмірбаянымен сәйкес келеді. Ол ұн өндірісі саласында бизнеспен айналысқан. 2019 жылы Forbes рейтингінде Ресейдегі ең бай мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттардың бірі ретінде аталып, оның байлығы 765 млн рубль деп бағаланған.
2022 жылы Колташов Қазақстанда еншілес кәсіпорын құрып, Курган облысынан Орталық Азия аймағына астық экспорттауды бастағаны туралы ақпарат шыққан.
Пікір жоқ