Қоғам

Қазақстан азаматтарының жеке дерегін интернетте сатқандар анықталды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Биыл наурызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке дерегін заңсыз жинап, таратты деген күдіктілерді әшкереледі, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іске қатысушылар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.

"Сатып алушылар қатарында микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ, жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрон ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша және өзге де заттай дәлелдер тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру