Фото авторы: depositphotos.com
Қарағандыда ажырасқан ерлі-зайыптылардың 4 жасар ұлы болған. Сот әкесіне алимент төлеу міндетін жүктеп, баланың кіммен бірге тұратынын айқындап, әкесімен кездесулердің тәртібін бекіткен.
Сол кездесулердің бірінде әкесі баланың денесінде көгерген іздерді байқайды. Кейін ол ұлының зорлық-зомбылыққа байланысты балаларды қолдау орталығына жеткізілгенін біледі. Анасы баланың қолын байлап, оны үйде жалғыз қалдырып, өзі сыртқа кетіп қалғаны анықталған.
«Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер кілт тесігінен қолдары байланып, жылап бөлмені айналып жүгіріп бара жатқан баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған», - делінген хабарламада.
Кейіннен әкесі ұлын жеке үйіне апарған, онда оның ата-анасы - баланың атасы мен әжесі де тұрады.
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баланың ауыр халі анасымен бірге тұрған кезінде пайда болғанын анықтады. Керісінше ешқандай дәлел келтірілмеді.
«Осы мән-жайлар бойынша сот баланың әкесінің талаптарын толығымен қанағаттандырды: баланың анасының ата-ана құқықтары шектелді, бала әкесімен тұатын болды, анасына алимент төлеу міндеттелді, ал әкесі оны төлеуден босатылды».
Апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Пікір жоқ