Қоғам

Қарағанды облысында ұшақ құлады: ұшқыштар аман қалды

Echo

Фото авторы: ru.wikipedia.org




Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады.

Алдын ала мәлімет бойынша, экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Екі ұшқыш та аман қалып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынған. Ресми ақпаратқа сәйкес, тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Оқиғаның нақты себептерін анықтау мақсатында Қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру