Қоғам

Қар және көктайғақ салдарынан Алматыда бір түнде 58 жол-көлік оқиғасы болды

Echo

Фото авторы: Алматы полициясы




Алматы полициясы ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының саны артқанын хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, 9 желтоқсан сағат 20:00–ден бүгін сағат 06:00–ге дейін Алматыда 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 9 адам жарақат алған, қайтыс болғандар жоқ. 

- Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыртуларға жедел шығып, жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуде және көшелерді қардан тазарту мен жолдарға арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлады департаменттен.



Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру