Қоғам

«Қанды қаңтар» оқиғасындағы тағы бірнеше адамға сот үкімі шықты

Echo

Фото авторы: ғаламтордан




Қалалық мамандандырылған ауданаралық сот 29 адамға қатысты үкім шығарды.

Анықталғандай, сотталушылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылған. Олардың арасында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу, бандитизм, жаппай тәртіпсіздікке араласу, адам ұрлау, заңсыз түрде еркіндігінен айыру, көлік құралын заңсыз иелену, сондай-ақ қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау, тасымалдау және алып жүру сияқты ауыр құқықбұзушылықтар бар.

Сот шешімі бойынша, айыпты деп танылғандар үш жылдан - он сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сот отырыстары жабық форматта өткізілді. Бұл айыпталушылар туралы жеке мәліметтердің жариялануына жол бермеу үшін, сот қорғайтын мемлекеттік және өзге де заңмен бекітілген құпиялылық талаптарына байланысты болды.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың қаңтарында «Арман Жұмагелдиев» (Дикий Арман) және оның серіктеріне қатысты негізгі үкім шығарылған болатын.

Жұмагелдиев 20 жылға сотталып, оның серіктері 8 жылдан 15 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Осылайша, Қаңтар оқиғасына байланысты тағы бір ірі қылмыстық іс бойынша сот процесі қорытындыланды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру