Қоғам

Қайырымдылық қор басшысы 15 жастағы жасөспірімге базарда ақша жинатқан

Echo

Фото авторы: yandex.kz




Алматы қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының дерегінше, қайырымдылық қорының басшысы осы саладағы талаптарды сақтамаған. Ол жасөспірімді қоғамдық жерде ақша жинау ісіне тартқан.

Жас бала тұрғындарды қайырымдылыққа үндеумен қатар, қоғамдық тыныштықты бұзған.

Сот барысында қор директоры өз кінәсін толықтай мойындаған. Жасөспірімнің түсініктемесі мен жиналған айғақтар құқықбұзушылықты растаған.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 128-бабының 1-бөліміне сәйкес, мұндай әрекет үшін жеке тұлғаға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Сот айыпталушының жеке тұлғасын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 196 мың теңгеден астам айыппұл салды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру