Фото авторы: Астана әкімдігі
Елорданың «Астана Арена» стадионында 9 желтоқсанда Чемпиондар лигасы шеңберінде «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы ойын өтеді.
Матч күні қала әкімдігі стадионға қатынасатын шамамен 25 арнайы автобусты дайындайды.
Автобустар төмендегі орындардан жолға шығады:
«Қалалық цирк» автотұрағы;
«Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
«Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы;
Орталық парк автотұрағы;
«Бас Мешіт» автотұрағы.
Қатынас көліктері 18:00-де жүруді бастайды және екі бағытта қатынайды. Жанкүйерлерге көрсетілген жиналу нүктелеріне 17:30-ға дейін келу ұсынылады.
Матч өтетін уақытта Астана қаласының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін шамамен 2800 тәртіп сақшысы жұмылдырылып, оның құрамына патрульдік қызмет, учаскелік инспекторлар және кинологтар кіреді.
Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында қозғалысқа шектеу қойылмайды.
Астана полициясы ойынға келетіндерге қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық қорғау органдарының талаптарын орындау және стадионға қауіпсіз әрі қолайлы жету үшін ұйымдастырылған маршруттық автобустарды пайдалануды ескертеді.
Пікір жоқ