Спорт

“Қайрат” бельгиялық “Брюггеден” 4:1 есебімен ойсырай жеңілді

Echo

Фото авторы: Данияр Ахметов / ФК "Кайрат"




Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы үй ойынында бельгиялық «Брюгге» командасын қабылдап, 1:4 есебімен жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Кездесу барысында «Қайрат» алғашқы минуттардан бастап шабуылға басымдық беріп, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті соққы ұйымдастырды. Алайда есеп ашуға мүмкіндік болмады.

32-минутта «Интер» академиясының түлегі Станкович қорғанысты бұзып өтіп, қонақтар сапынан алғашқы голды соқты. Ал 38-минутта Ванакен есепті 2:0-ге жеткізді.

Екінші таймда да бельгиялық ұжым ойын тізгінін қолында ұстады. 74-минутта «Брюгге» үшінші голын соғып, басымдықты арттырды. 84-минутта қонақтар тағы бір мәрте мергендік танытып, есепті 4:0-ге жеткізді.

Матчтың соңғы минуттарында «Қайрат» сапынан Әділет Садыбеков бір гол соғып, кездесу нәтижесіне соңғы нүкте қойды.

Осылайша алматылық клуб өз алаңында 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Енді «Қайрат» 29 қаңтар күні Лондонның «Арсенал» клубына қарсы соңғы ойынын өткізеді. Бұл матчтан кейін команда Чемпиондар лигасындағы биылғы маусымын аяқтайды.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру