Қоғам

Президент қаза тапқан фельдшерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Echo

Фото авторы: instagram.com/rustemova_aliya




«Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, 24Б мекенжайында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіштен жасалған сыртқы қаптама мен кондиционер қондырғысы құлап, бес адам зардап шеккен болатын.

Кейін ғимарат опырылғанда зардап шеккен фельдшердің жағдайы өте ауыр екені мәлім болды.

Ал бүгін медицина қызметкері көз жұмды.


Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру