Қоғам

Перизат Қайрат колония тазалап жүр

Echo

Фото авторы: Tengrinews.kz




Перизат Қайрат жазасын өтеу мекемесінде жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Ведомствоның хабарлауынша, сотталған азамат мекеме аумағында еңбекке тартылған. Қазіргі уақытта ол қызметтік бөлмелерді тазалау жұмыстарымен айналысып жүр.

Перизат Қайрат бұрын Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы ретінде және елдегі еріктілер қозғалысының белсенді өкілі ретінде танылған еді.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі оны 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен атаған болатын.

Кейін, 2025 жылдың 25 шілдесінде сот үкімімен Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оның анасы да 7 жылға сотталған.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру