Қоғам

Павлодардағы пәтерлердің бірінен мәйіт табылды

Echo

Фото авторы: kaztag.kz




Павлодар қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен 1962 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Newmedia.kz

Аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тұрғындар пәтерден шыққан түтін иісін сезіп, құтқару қызметіне хабар берген. Оқиға орнына жеткен мамандар терезе маңынан қою түтінді байқап, ішке кіру үшін пәтер есігін бұзуға мәжбүр болған.

Құтқарушылар пәтерге енген сәтте ес-түссіз жатқан ер адамды тапқан. Алайда оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Тексеру барысында плита үстінде қосулы күйде қалған ыдыс анықталған.

Қазіргі таңда полиция мен төтенше жағдайлар қызметі оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру