Қоғам

Павлодарда тонау әрекеті видеоға түсіп қалды

Echo

Фото авторы: видеодан скриншот




Павлодарда зейнеткер әйелді тонамақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Newmedia.kz

11 наурызда полицияға осы оқиға туралы хабарлама түскен. Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін кіреберісінде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған дорбасы мен әмиянын тартып алуға тырысқан. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жедел қызметкерлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Нәтижесінде Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру