Қоғам

Павлодар облысында ер адам далада үсіп өлді

Echo

Фото авторы: BAQ.KZ




Павлодар облысында ер адам далада үсіп өлді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Бұл туралы өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

"11 наурызда таңертең Баянауыл ауданы Майкөбе ауылынан 10 шақырым, фермадан 2 шақырым жерде Баянауыл ауданы ТЖБ қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде 1980 жылы туған ер адам өлі табылды", - деп жазылған хабарламада.

Ол 10 наурызда сағат 14:00 шамасында мал қарауға шыққан. Ведомство мәліметінше, марқұм - шаруа қожалығының қызметкері.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру