Қоғам

Павлодар облысында 500-ге жуық сыныптың оқушылары қашықтан білім алып жатыр

Echo

Фото авторы: pixabay.com




Павлодар облыстық білім беру басқармасы өңір мектептеріндегі эпидемиологиялық ахуал туралы кезекті ақпаратпен бөлісті. Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта 78 мектептің кейбір сыныптары үйден білім алып жатыр.

- Бүгінгі күні 78 мектептен жалпы саны 479 сыныптың оқушылары қашықтан білім алуға көшірілген. Қашықтан оқыту форматына ауысқандардың басым бөлігі Павлодар қаласында (248 сынып). Ал Екібастұз қаласында - 68, Ақсу қаласында - 45, Баянауыл ауданында - 25, Железин ауданында - 8, Тереңкөлде - 10, Успенде - 30, Павлодар ауданында - 29, ал мамандандырылған білім ұйымдарында 16 сыныптың оқушылары үйден оқып жатыр, - деп хабарлады өңірлік білім беру басқармасынан.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру