Orda.kz басылымының бас редакторы, журналист Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы журналистің адвокаты Мұрат Адам мәлімдеді,-деп хабарлайды Newmedia.kz.
Сот Гүлнар Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілде айында Гүлнәр Бажкенова Orda.kz медиа ресурсына қарсы рейдерлік әрекеттер жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Журналистің айтуынша, бұл іске билікке жақын тұлғалардың қатысы болуы ықтимал. Сол кезеңде ол басылымның мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан мен АҚШ соттарына жүгінгенін жеткізген.
Пікір жоқ