Қоғам

Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды

Echo

Фото авторы: primeminister.kz




Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды. 

- Бүгінгі тақырыптан тыс мәселе ол - Торғай өңірін қолдау. Назар аудару керек. Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Жұманғарин), Мәди Төкешұлы (Қаржы министрі Такиев), қажетті қаражатты бөлу керек. Ұсыныс енгізіңіздер, - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Үкімет отырысына арнайы келіп қатысып отырған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсыныс дайындалып жатқанын айтты.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру