Фото авторы: видеодан скриншот
Ахмадиевтің айтуынша, топтың жаңа қатысушысы, әнші Ғалымжан өзін бұрынғы солист Мұқасан Шахзадаев және бірнеше адам жабылып соққыға жыққанын айтқан. Оның сөзінше, оқиға салдарынан Ғалымжан ауыр жарақат алған.
«Ол маған бірнеше адам ұрғанын, олардың ішінде Мұқасанның өзі де болғанын айтты. Қазір Ғалымжан кінәлілердің жазадан сытылып кетуінен қорқады», – деді Ахмадиев.
Қазіргі таңда Ғалымжанның мұрны мен қолының сынғаны жайлы ақпарат тарады.
Бұл жағдай қоғамда кеңінен талқыланып, үлкен назарға ілікті. Алайда Мұқасан Шахзадаев немесе «Нұр-Мұқасан» тобының өзге мүшелері әзірге ресми пікір білдірген жоқ.
Пікір жоқ