Қоғам

Нұрайдың өліміне қатысты іс: Шымкент полицейлеріне қылмыстық іс қозғалды

Echo

Фото авторы: otyrar.kz




Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, - деп хабарлайды Newmedia.kz

Жәбірленуші өтініш білдірген кезде өтінішті тіркемеген қызметкерлерге қатысты іс тергеліп жатыр.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізіп жатыр. Іс қылмыстық істі тіркеу және күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қабылдамаған қызметкерлерге қатысты", - деді ол.

Санжар Әділовтің айтуынша, бірінші кезекте аудандық полиция басқармасының лауазымды тұлғалары жауапты. Сондай-ақ, тергеу аясында қалалық Полиция департаментінің басшылығына құқықтық баға беріледі.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру