Қоғам

Мұғалімдерді аттестаттауға қатысты түбегейлі өзгерістер: министр барлық сұраққа ашық жауап берді

Echo

Фото авторы: gov.kz




Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді аттестаттау жүйесіне енгізілген маңызды өзгерістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Newmedia.kz

Министрдің айтуынша, елімізде педагогтердің пәндік білімін бағалауға арналған біліктілік тесті енді толығымен алынып тасталған. Бұл шешім уақытша емес, тұрақты өзгеріс ретінде енгізілген. Осылайша, қазіргі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар аттестация барысында аталған тестті тапсырмайды.

Алайда бұл талап барлық санатқа бірдей қолданылмайды. Министрдің сөзінше, педагогикалық қызметке жаңадан қадам басқан жоғары оқу орындарының түлектері міндетті түрде біліктілік тестінен өтеді. Сонымен қатар, жас мамандар екі жылдан кейін педагог-модератор деңгейіне өтуде де осы тестті қайта тапсырады.

Қалған мұғалімдер үшін біліктілік тестінің аттестация процесіне қатысы болмайды. Яғни, тәжірибелі ұстаздар үшін бағалау жүйесі басқа критерийлер негізінде жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, педагогтердің портфолио жинақтау тәртібі де өзгереді. Енді барлық құжат электронды форматқа көшіріліп, ұстаздар қағаз жүзінде құжат жинап, қол қойдырудан босатылады. Министрлік бұл бағытта арнайы цифрлық платформаны жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру