Фото авторы: скрин
Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты, - деп хабарлайды Newmedia.kz
Бас прокуратура мәліметінше, Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер қаза табуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіледі. Сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Пікір жоқ