Фото авторы: Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникациялар орталығы
Бүгін, 15 наурыз күні елімізде өтіп жатқан республикалық референдумда 104 жасар Сырға Қалиева есімді әже өз таңдауын жасады.
Құрметті ардагер денсаулығына байланысты №140 референдум учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы өз үйінде дауыс берді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері ардагердің өтініші негізінде оның үйіне барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.
Пікір жоқ