Қоғам

Маңғыстауда полиция ғимаратының алдында ер адам өзін өртемек болды

Echo

Фото авторы: instagram.com/112_aktau




Куәгерлердің айтуынша, ер адам мұндай қадамға жолда алған әкімшілік айыппұлға қарсылық ретінде барған. Атырау бағытына қарай бет алған кезде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынып, артынша Бейнеу аудандық полиция бөліміне келіп, үстіне жанармай құйып, өз-өзіне от қоюға әрекет жасаған.

Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, бұл әрекетті тоқтатқан. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін дәрігерлерге тапсырылды.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Пікір

    Пікір жоқ

Пікір қалдыру