Фото авторы: видеодан скриншот
Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Newmedia.kz
Оқиға 16 қаңтар күні сағат 01:03 шамасында «Доссор – Ақтау» тас жолында болған. Автобуста барлығы 50 жолаушы болғаны анықталды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытына жол тартқан автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Автобусты 41 жастағы жүргізуші басқарған.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Пікір жоқ